Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының мамандары Шапағат шағын ауданында рейд жүргізді. №44 үйдің иесі 2009 жылдан бері мүлік салығын төлемеген. Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының мамандары ескерту де жасаған. Алайда, бұл жолы да салық төлеуші кезекті рет уәде беріп құтылды.
Үйден шыққан жігіт: «Жалақымды алған соң, төлеймін».
Кезекті мекенжайдағы үй иесі қақпасын ашпай, терезеден бақылаумен шектелді. Салық төлеушінің мұндай әрекеттерге баратынын алдын ала ескерген мамандар қайта келетін болды. Өйткені, міндетті төлемдерді тұрғын өтеуі тиіс.
Қанат Алпысов, Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы: » Өздеріңіз көргендей, осылайша инспекторлар келгенде есіктерін де ашпайды».
Замануи үлгідегі үйлерді көтеруге уақыт та қаржы да тапқан үй иелері мүлік салығын мерзімінде төлеуге неге қиналатынын анықтамақ болған салықшылардың әрекеті жүзеге аспады.
Маманның мәлімдеуінше, былтыр БАҚ өкілдерінің қатысумыен жүргізілген рейдтің нәтижесінде кейбір қалталы азаматтар мүлік салығын бір жылға емес, 3-4 жылға бір-ақ төлепгене көрінеді. Бұл жолы да солай болса деген үміт те жоқ емес дейді салықшылар.
Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы 2011 жылы мүлік салығынан 47 млн. теңге қазынаға түсіруі тиіс еді. Басқарма жоспарды 3 млн-ға артығымен орындап, бюджетті 50 млн-ға толықтырған.