Апат Созақ ауданына да жетті. Ауылдағы 30 үй су астында қалды

455

Апат Теріскейге де жетті. Созақ ауданының Созақ аулынан мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрілігінң баспасөз қызметі. Ауылдағы 30 үй мен 50 шаруашылық сарайлар, шағын қоралар су астында қалған.

Ресми хабарламада сондай-ақ Түркістан мен Шымкентте де су алу қаупі күшті екені айтылған. Қазір облыста мыңнан астам Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен 222 техника жұмыс жасауда. Су басу Оңтүстікте ақпанның ортасына қарай басталған болатын.

Сонымен бірге, Оңтүстікте топан судан зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қазір жағдай тұрақтала бастады дейді жергілікті мамандар. Ал Көксарай су реттегішінде қазір 2 миллиард 446 миллион текше метр су бар. Оның сыйымдылығы 3 млрд.-ты құрайды. Шардара су қоймасына да қазір жиналған су көлемі 4 млрд. текше метрден асып отыр. Су қоймасына ең көбі 5 5млрд. текше метр су жиналады, дейді Оңтүстік сушар мекемесінің мамандары.