Ауыл шаруашылығына селқос қарайтын аудан әкімдері бар.
Барды игере алмағандықтан мінбеде тұрып, басын төменге салды. Облыстық әкімдікте өткен жиында бірқатар аудан басшылары сын ескертпе естіп қайтты. Облыстың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы агроөнеркәсіп кешені бойынша былтырғы жылдың қорытындысы көңіл көншітпейді. Егіншілік, жылыжай шаруашылығы, жерді тиімді пайдалану бойынша жоспар жүйелі орындалмаған.
Созақ ауданы даму бағдарламасы бойынша межелеген жоспарды толық орындамаған. Жылыжай, суармалы жерлерді қолданысқа енгізу бойынша ауданның көрсеткіштері облыс көлемінде төменгі орында. Ұялған тек тұрмайды дегендей, аудан басшысы айтудан аянған жоқ.
Берік Мейірбеков, Созақ ауданының әкімі: «Су тапшылығы салдарынан егістік көлемі ұлғайтылмады. Құдықтағы судың өзі тартылып қалды. Біздің өңірдің ауа райы мал шаруашылығымен айналысуға бейімді. Сондықтан, малды асылдандыруға басымдырық бердік».
Суармалы жердің тиімділігі немесе өнімділігі жоғары болғанымен облыстағы 415 мың га шаруашылыққа пайдаланылған. Соның өзінде аудан әкімдері барды игере алмай 32 мың гектарды әжетке жарата алмаған.
Қанат Сыдықов, Арыс қаласының әкімі: «Былтыр су тапшылығы салдарынан өнімділік төмен болды. Қазіргі таңда Арыс өзенінің суын пайдалану бойынша жоба жасалуда. Жылыжай мәселесіне келетін болсақ, ыстық суды пайдалануды қолданысқа енгізе алмадық. Қазір сот шешімі шықты. Енді кірісеміз».
Ауа райы ауыл шаруашылығына қолайлы Сарығаш ауданыныңда әрекеті оңбай тұр. Ондағы шаруалар шаршап қалған сыңайлы. Жергілікті басшының да жоспары жүйелі болмағаны тағы бір себеп. Облыс әкімі аудан басшысынан осы тұрғыда түсінік беруін талап етті.
Жаппар Әлсеитов, Сарыағаш ауданының әкімі: «Былтыр судың тапшылығы орын алды. Судың 75 пайызын Өзбекстаннан аламыз. 556 млн. текше метрдің 441 млн. жетемін дегенше үшінші суару кезеңінде егістікке су жеткізілмейді».
2011 жылы 733,3 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, егіс көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 36 мың га артқан. Алайда, аудан басшылары агрокешенді дамыту бағдарламасы бойынша мал не егін шаруашылығы бағытын алдын ала анықтап алмағандықтан, мінбеде тұрып, қызарды. Диқаншылыққа жақын облыста бұл ең басым бағыттардың бірі. Осы жоспар жүйелі орындалғанда Оңтүстік егістіктен оқ бойы озық шығар еді деп нақтылады облыс басшысы.