Шардара ауылдық аймағындағы Қызылқұм магистральды арнасында 7- наурыз күні белгісіз жағдайда суға кеткен 70 жастағы ер адамның мәйіті табылды, -деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Оның денесі судан ҚР ТЖМ-нің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша су-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техника бірлігінің көмегімен шығарылды.