Мал ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

260

8 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Күдіктілердің мал ұрлығы бойынша 15 іске қатысы бар екендігі анықталып отыр. Айыпталушылардың тонаумен айналысқаны да белгілі болды. Олар тұрғын үйлерге басып кіріп, иелерін қорқытып бағалы заттарын жымқырған. Күдіктілердің ең жасы 19-да. Толығырақ Ернар Балабеков айтып береді.

Тегін малға дәніккендер Қазығрт ауданында кезекті қылмысына кіріскен кезде ұсталды. Құрықтау барысында күдіктілер тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, шүабуыл жасаған. Полицейлердің білікті қимыл-әрекетінің арқасында 8 азамат қамауға алынды. Айыпталушылар бұған дейін жасаған қылмыстарын мойындап отыр.

Ұсталғандар тыңғылықты жоспар құру арқылы арам ойларын жүзеге асырып отырған. Әрқайсынының өз рөлдері болған. Ұсталғандардың барлығы да жұмыссыз. Арасында бұрын сотты болғандар да бар.

Күдіктілердің 20 қылмыстық іске қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушілерге келтірге,н шығын көлемі 4 миллионнан асып отыр. Айғақтық зат ретінде олардан автокөлік пен ақша тәркіленді. Осы жәйттерге қатысты ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша іс қозғалды.