Ұлттық Банкінің облыстық филиалының ғимаратын 2 қарақшы жаулап алып, 4 азаматты кепіл тұтқынға алған. Оқиға орнына қаланың барлық қарулы күштер органдары жиналды. Бұл жай сценарий барысы ғана. Мамандандырылған күзет қызметі оқу жаттығу жиындарын өткізді. Олар стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғауға алған.
Жортуылшылар банк ғимаратына кәдуілгі келіп кетуші ретінде енген. Олар әйелді тапаншамен қорқытып, барлық күзетшілерді қарусыздандырған. Шабуыл барысында бір қызметкер дабыл нүктесін басып үлгерді. 3 минуттан соң, полицей де, басып алу құрамы да жетіп үлгерді.
Санаулы уақыттың ішінде аймақ қоршауға алынды. Бұл кезде тонаушылар банк кассасын тонап үлгерген еді. Олар қомақты қаржысы бар, дәлірек айтсақ 1 милллионнан астам АҚШ доллары бар кейсті алған. Ғимараттан шығу үшін баукеспелер келіссөзге барды.
Қарақшылар шепті алып тастап, жанаржағармайы тола шетел көлігін беруін талап еткен. Полицейлер тонаушылардың шарттарына келісіп, өз ісіне көшеді.
Қарақшылар қарусыздандырылып, тұтқындағылар құтқарылды. Осылайша шынайы өмірге жанастырыла тактикалық оқу өткізілді. Жаттығуға полиция, өрт сөндіру қызметкерлері мен дәрігерлер қатыстырылды. Ал операцияның қозғаушы күші-қаланың барлық стратегиялық нысандарын қорғайтын мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі.
Оқу ойдағыдай өтіп, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемекеттік мекемесінің қызметкерлері дайындықтарының жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдеді.