Марқұм Ержан Серікбаевтің соңғы әніне бейнеклип түсірілді

Марат Медетов әнші

Медетов Мараттың өнер жолында жүргеніне 5 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында әншінің репертуарлары бірнеше ән мен бейнеклиптермен толыққан. Жақында әншінің орындауындағы «Бақытты бол» атты әнге бейнеклип түсірілді. Бұл туындының әнін марқұм Ержан Серікбаев өмірінің соңғы күндерінде жазған екен. Қашанда ізденіс үстінде жүретін әнші Марат бұл әнді марқұм Ержан Серікбаевтан арнайы Шымкент қаласына келіп сұранып алған екен.

Медетов Марат, әнші: «Көптен күткен арманым орындалды десем де болады. Өйткені, бұл әнге қашаннан бейнеклип түсірсем деп жүретінмін. Міне сәтін салып бейнетуынды Ташкент қаласында түсірілді. Ержан ағаны арнайы іздеп Шымкент қаласына барған болатынмын. Дауысымды алдымен жақсылап тыңдап алған ол мына ән сіздің даусыңызға лайық деп таңдап беріп батасын берген болатын. Кейін Ержан ағаны өмірден өтті деп естіген мен алған әніме бейнеклип түсіруге асықтым. Уақыттың аздығынан сәті енді түсті».

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тумасы Медетов Марат алдымен шығармашылық жолын Алматылық мейрамханаларда ән салудан бастаған екен. Кейін жүзі жарқын ағаларымен танысып, сол кісілердің арқасында өнер баспалдағымен жоғары көтеріліпті. Қазір әнші құрылыс бөліміндеде қызмет атқарады. Екі жұмысты бірге алып жүру қиын болса да, әнші қаймықпай барлығына үлгеруге атсалысуда. Қазір әнші Марат Алматы қаласында қызмет атқарады. Ендігі алға қойған мақсаттарының бірі ол өнер жолында өз орнын табу.

Жаңа бейнеклиптің негізгі желісі. Ұзатылып бара жатқан қызға айтылған тілек, екі жастың махаббаты.