Қоғамдық көліктердің қозғалысы реттелді. Оны шымкенттіктер мереке күндері де сезеді деп сендіреді сала мамандары. Қатты аязда түрлі проблемаларға байланысты жолаушылар тасымалдайтын автобустардың жартысынан астамы бағытқа шықпай қалғаны белгілі. Көліктердің қозғалысын қадағалайтын диспетчерлер күн санап, жақсарады деп отыр.
Шымкентте наурыздың 21-і күні орталық Әл Фараби алаңы арқылы таңертеңгі сағат 10 мен 16 -00 аралығында көліктер қозғала алмайды. Өйткені,бұл сағаттарда Наурыз мейрамына арналған шаралар өтеді. Сондай-ақ, осы күні таңертеңнен Ордабасы алаңында да көліктер үшін қозғалыс жабық болады деп шешілді. Жол полициясы мен көлік бөлімінің мамандары бұл бағытта жұмыстар жүргізуде.
Ұлыстың ұлы мерекесі 22-наурыз күні қала сыртындағы иподромда өтетін мерекелік шараға қатысуға ниетті жерлестерімізге 100-ден астам автобустар мен бағыттағы шағын автобустар қызмет көрсететін болады. Жұмыс барысын «Южавтотранспорт» қауымдастығы жеке бақылауына алмақ.
Осы ретте Қала әкімінің қоғамдық көліктерге қатысты көтерген 6 мәселесі орындалса, қаладағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасы әлдеқайда жақсарар еді дейді «Южавтотранс» қауымдастығының басшылығы. Кезекте көлік компанияларына көмек ретінде 600 млн. теңге датация бөлу, студент жастарға жеңілдетілген жол ақыға 600 млн. теңге, жеке әлеуметтік сала азаматтарына 400 млн. теңге бөліп жол ақысын 50 теңгеге көтеру мәселесі тұр.
Бүгінде Алматыда жол ақысын 80 теңгеге көтеру жоспары бар. Ал біздің жағдайды жақсарту үшін 50 теңге де көмектесе алмайтын жағдайға жеттік.
Әр бағытқа 18 теңге төлеп автобустардың жүріп тұруын GPS қондырғылары арқылы қатаң бақылауға алған диспечерлік бекеттің мамандары күн санап бағытқа шығуға ниетті көліктердің көбейгенін айтып отыр. Мәселен, 17-наурыз күні қалада автобустардың 88 пайызы жолаушыларға қызмет көрсеткен.