«Нұр Отан» ХДП-ның ОҚО филиалының қоғамдық қабылдауы республикада 1-орында. Партия өкілдері бүгін өткізге баспасөз маслихатында осы қуанышымен бөлісті.

2011 жылы жұмысты тиімді ету мақсатында қоғамдық қабылдаулар бойынша конкурс жарияланған болатын. Былтыр облыстық филиалдың осындай қабылдауына 5 мыңнан астам жазбаша және ауызша арыз-өтініштер келіп түскен. Олардың 80 пайызы бойынша жауаптар беріліп, дерлігі шешімін тапқан дейді саяси партия мүшелері. Басқа өңірлермен салыстырғанда бұл жоғары көрсеткіш.

Ашық қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелердің басым бөлігі еңбек заңдылығы, коммуналдық қызмет және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға қатысты. Оңтүстікқазақстандықтардың мұң-мұқтажын шешуде қоғамдық қабылдау бөлмесінің тәжірибесі үздік болып танылып, республикада бірінші орынға ие болды. Сондықтан да шығар Нұр Отандықтарға сенім артқандар саны артпаса, кемімеген.

Осы арызданушылардың мәселесін қоғамдық қабылдауды жүргізген мемлекеттік құрылым басшылары неліктен өз қызметі барысында шешуге тырыспайтыны бір таңқаларлық жәйт.

Бүгінде облыс көлемінде 16 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. НұрОтанның аймақтық және аумақтық филиалдары атқарушы органдардың басшылары мен облыс тұрғындарының арасындағы «Алтын көпір» рөлін атқаруда. Осы жауапты міндетті партиялықтар сезінсе болғаны.