Отандастарымыз Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесінде 5 күн демалады.
ҚР «Мерекелері туралы» Заңындағы өзгертулерге сәйкес (2009 жылдың 22 наурызынан) 21, 22 және 23 наурыз демалыс күндері болып саналады.
Биыл осы күндер аптаның сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндеріне келіп тұр. Сәйкесінше, күнтізбе бойынша сенбі және жексенбі демалыс күні. Осылайша демалыс 5 күнге созылатын болды.