«Нысана» театрына 5 жыл

Нысана театры

2007 жылдың 9- қаңтарында алғаш рет құрылған «Нысана» театры биыл өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы айтулы мерекеге орай өнерлі ұжым Қазақстан бойынша гастрольдік сапарларын бастаған болатын. Алдымен қасиетті Түркістан қаласы содан кейін Семей, Қаратау, Таукент, Тараз, Қызылорда қалаларын аралаған. Енді «Нысана» театры наурыз айының 21,22,23-ші жұлдызы күндері шырайлы Шымкент қаласында өнер көрсетпек.

Абай Аязбаев, ақпарат бөлімінің диреторы: «Қазір біз қарқынды түрде алдағы күндері өтетін концерттік кештерімізге дайындық үстіндеміз. Ал өз көрермендерімізге жеткізер жаңалықтарымыздың бірі. Ол тетатырымыз жаңа мүшемен толықты. Әмина Ермаханова есімді аруды алдық. Ол Түлкібас ауданы «Сатөбе» елді мекенінің тумасы. Әнші әрі актриса жан жақты арулардың бірі десекте болады. Әмина ұжымда көбіне ән орындайтын болады».

Топтағы қазір өнер көрсетіп өздерінің әзілдерімен көрермендерді күлдіріп жүрген әртістер: Айтулов Нұрбол, Серіков Әбунәсір, Дәнекер Оразбай, Жарас Ахметов, Мәди Төреқұлов, Абай Аязбай. Ал Мақсат есімді әртіс қазір жеке кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында өнерден бір жолата кетіпті.

Ал Шымкент қаласына «Нысана» театры мерекелік бағдарламамен келе жатыр екен. Әзілдерде 5 жылдықтарына араналады екен. Көбінесе осы уақыт ішінде өнерлі ұжымның шығармашылығында орын алған жаңалықтар көптеп айтылмақ.