Шымкент қаласындағы ОҚО әзіл-сықақ және сатира театры «Шоқбикенің шатағы» атты комедиялық жанрдағы қойылымды ұсынды. Қойылым — бүгінгі күннің басты індеттерінің бірі, алаяқтыққа қарсы жазылған. Бір мемлекеттің ғана емес,әлем жұртшылығына апат алып келетін бұл дерт- талай жанның тағдырын талқандап, өзегін өртеп, адамдық қалыптан айырып, түпсіз терең шыңыраудың түбіне тастайтыны белгілі.
Басты рольдегі Шоқбике- дүние-мүлкі толық, қазынасы мол, құрбыларынан кейін қалған кәріқыз. Ол арман қуып, өз теңін іздеумен жүріп, бір алаяққа жолығып, опық жейді.
Адам баласына берер тәрбиелік мәні зор бұл қойылым — қазіргі қоғамда кездесіп жататын шындықтан сыр шертеді.
Аталған қойылымда басты алаяқ Тұман есімді жігіттің ролін сомдайтын Нұрбол Байысбек. Оның сатира театрында жұмыс жасап келе жатқанына үш жыл болды. Осы уақыт аралығында Нұрбол бірнеше басты рольдерді сомдаған.
Нұрбол Байысбеков, театр әртісі: «Маған бұл рольді сомдау қиын болған жоқ. Бірақ көптеген дайындықты қажет тапты. Жоғары денгейде ойнап шығатыныма сенімім зор. Ал бұл қойылымның жастарға берер тәрбиелік мәні зор. Өйткені қазіргі кезде алаяқтардың арбауына түсіп сан соққандар қаншама. Біздің бұл қойылымымыз басқаларға сабақ үлгі болсын дегенде ойымыз бар. Тағы да айта өтетін бір жәйт ол жас актерларға деген көңілдің көптеп бөлінгенін қалаймыз. Ал дүниеге тәрбиелік мәні зор қойылымдар шығарыла берсе. Біздің тетардың ендігі жоспары 1-ші сәуір күлкі күніне орай барлық сатира театрының майталмандарының басын қосып концерттік кеш берсек дейміз».