ОҚО көліктерді байқаудан өткізетін орталықтардың саны көбейетін болды. Оған бизністің жол картасы 2020 бағдарламасы қолдау жасайды. Аумақтық көлік бақылау инспекциясы мен облыс әкімдігінің арасындағы екі жақты мемарандумға сәйкес облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы техникалық байқау орталығын ашуға ниетті кәсіпкерлердің екінші дәрежедегі банктерден алған несиелерінің 50 пайызын субсидиялайды және банкке 70 пайыздық кепілдеме бере алады.
Бүгінгі таңға дейін ОҚО 8 техникалық байқау бекетері мен 9 ұтқыр желілер ашылған және 19 ұтқыр желі мен 26 орталық ашу жоспары тұр. Ал өз қаражатына орталық ашқан азаматтар құрал-жабдық сатып алуға аз қаражат кетпейді дейді. Дегенмен шыққан шығынды үш жылда қайтаруға болатындығын айтып оты .
Аумақтық көлік инспекциясының ұйымдастырған жиынына арнайы келіп қатысқан облыс әкімінің орынбасары Болатбек Әлиев үкіметтен 50 пайыздық субсидия алып техникалық орталық ашқан кәсіпкерлер қалта қамынан жолаушы қауіпсіздігін бірінші орыға қою қажетігін кезекті рет ескертті.