Облысымызда білім беру жүйесі жаңартылмақ. Әсіресе орта арнаулы оқу орындары жаңа технологиялық әдісті қолданбақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжінде өткен облыстық семинарда айтылды. Жиынға оңтүстік өңіріндегі барлық орта арнаулы оқу орындарының арнаулы пән мұғалімдер мен әдіскерлері қатысты.
Әдістемелік жаңа оқу жүйесі германия педогогтарының енгізген жүйесі бойынша әзірленген. Оның ерекшелігі оқушы уақытының 45 пайызын теория негізінде үйренуге жұмсайды. Қалған уақытта тәжірбие арттырып, мамандығын кәсіпорындарда меңгереді.
Зульфия БЕКТЕБАЕВА, педогог: «Оқушылардың іс әрекетіне үлкен мән беріледі. Бұл жерде ынталандыру техникалары қолданылады. Мотивация дейміз және модерация әдістері яңни әрдайым оқушылар өздерінің білгенін іс әрекет арқылы практика арқылы дәлелдеп отырады».
Әзірге методикалық әдістеме тек теория жүзінде жүзеге асырылуда. Себебі жаңа жүйені тәжірбиеге енгізу үшін алдымен ұстаздар оқып, меңгеру керек екен.
Бақытжан БАЙЫМБЕТОВ, оқытушы: «Бұл әдістеме біздің қазіргі оқыту жүйемізге ауадай қажет. Себебі әрбір шәкірт тек теория бойынша ғана емес сонымен қата тәжірбие жүзінде де білімін арттыра алады. Сондай-ақ жұмыс берушілер мен оқу орындарының арасындағы әріптесітік қароым қатынастың артуына сеп болады».
Әлібек КЕНЖЕБАЕВ, Облыстық білім басқармасының бас маманы: «21 мың оқуші бітіріп жатыр облысымызда. Жұмысқа тұрып жатқаны шамалы. Педогогикалық мамандық бойынша 33 білім мекемесі бар. Колледждер облысымызда. 5000 мыңға жуық бастауыш мұғалімдері бітіреді. БІзде ондай мектеп жоқ. Мектебіміздің өзі 1113 болса. Сондықтан германия методын алып жұмыс берушілермен қарымқатынасты жөндеп, өзіміздің сабақ беру, маман даярлау үшін осындай семинарға жинап әңгімеге тартып отырмыз».
Аталған неміс жүйесін оңтүстік педоготар алдағы екі жылдың ішінде толық игереміз деп отыр. Ол үшін мемлекеттік және жекеменшік жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізіліп арнайы тренингтер ұйымдастырамыз деп отыр.