Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 2011 жылда атқарылған жұмыстар бойынша бүгін есеп берді. Күрделі жөндеуден өткен мәжіліс залында өткен жиынға өңірдегі басқарма, әкімдік, түрлі қоғамдық ұйымдар мен құрылымдардың өкілдері қатысты. Былтыр жалпы өңірлік өнім 1 трлн. 400 млрд. теңгені құрады. Баяндамаға сүйенсек, барлық салаларда ілгерушілік байқалады. Оңтүстікқазақстандықтар ол жөнінде толық мағлұматты «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» басылым беттерінен оқи алады.
Облыс басшысы негізгі мәселелерге тоқталды. 2011 жыл — «Ауыз су жылы» деп жарияланып, 17,1 млрд. теңгеге ауызсумен қамтамассыз етуге 117 нысанның құрылысы жүргізілген. Нәтижесінде 70 елдімекен сумен қамтылып, құбыр суы 582 ауылға жеткізілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасады.
Серік ақсақал, Шымкент қаласы Қазығұрт шағынаудананың тұрғыны: «Мен Абай ауданындағы Қазығұрт ауданында тұрамын. Біздің ауыл, Құрсай, Карл Маркс елді мекендерінің тұрғындары жазғы мезгілде суға жарымайды. Қашан мәселе шешіледі екен?»
Асқар Мырзахметов, облыс әкімінің орынбасары: «Ия, Шымкент қаласы іргесіндегі шағынаудандарды сумен қамтамассыз етуге бүгінде ЖСҚ түзілген, қаржы да бөлінген, 2012 жылдан бастап кезегімен елдімекендер сапалы ауыз сумен қамтылады».
Тұрғын үй құрылысына 13,8 млрд. теңге инвестиция бағыталып, 228,4 мың шаршы тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтерге кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мәселесінде жергілікті билік жаңа жолдар тапты. Ол жекешеленіп, қараусыз құрылысы аяқталмаған үйлерді мемлекет меншігіне қайтарып, жөндеу. Есеп барысында әлеуметтік мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға тұшымды жауап алынды.
Бақберген Төрешеев, Бәйдібек ауданының тұрғыны: «Ауыл арасындағы жолдарға көңіл бөлінсе, газ ауданға қашан келеді?»
Асқар Мырзахметов: «Газ мәселесіне алдымен тоқтасам. «Бейнеу газ» магистралінің құрылысы басталғанынан хабардарсыздар. Жоба жүзеге асса, Оңтүстік өңірі отандық табиғи газбен қамтамассыз етіледі».
Облыс әкімінің есебін БАҚ өкілдері ғимараттың фоесінде тыңдады. Бұл да жаңашылдықтың нышаны болар.