Бүгін түнде Шымкенттегі бірқатар көшеде ауыз су болмайды

364

Шымкентте бірқатар көшеде 29 наурызда түнгі сағат 23:00-ден бастап, 30 наурыз таңғы 07:00-ге дейін су өшіріледі. Осыған орай қала әкімдігі тұрғындардан су қорын жинап, сабырлық сақтауды сұрайды.   

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мердігері “Сити Строй” ЖШС Қонаев даңғылын кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары барысында жаңа су құбырын қосып, ескі су құбыры ажыратылады. Осыған байланысты төмендегі көшелер мен шағынаудандарда су уақытша болмайды: Рашидов, Исмаилов, Гагарин, Қалдаяқов, Водопьянов,Театральная, 1 Мамыр, Жарқынбеков,  Нахимов, Кремлевская , Маяковский, Молдағұлов, Республика даңғылы, Павлов, Жангелдин, Суворов, Партизанский , Химфарм завод  көшелері және Қарасу, 21, Келте мөлтек аудандары.

Анықтама телефоны:+77081102121.

(Фото: elements.envato.com)