Оңтүстіктегі мәдениет ошақтары сын көтермейді

295

Облыстық мәдениет басқармасы өткен жылы атқарылған жұмыстарды таразылап, халық алдында есеп берді. Алқа мәжіліске басқарма басшылары, сала қызметкерлері және аудандық мәдениет бөлімінің жетекшілері қатысып, өткен жылды қорытындылады.

Былтырғы жыл қазыналы өңірдің мәдениет саласы үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Оңтүстікте әлі де болса түйіні шешілмей келе жатқан күрмеулі мәселелер баршылық деді басқарма бастығы. Аудандарда жас мамандарды жұмысқа тарту жолға қойылмаған. Сондай-ақ, елді-мекендердегі мәдениет ошақтары, кітапханалардың материалдық-техникалық базасы сын көтермейді.

Биыл облыстың құрылғанына 80 жыл толып отыр. Жиында айтылғандай, ағымдағы жылы облыстың мәдениетін дамыту үшін 2 млрд. 127,0 млн теңге бөлінген. Осы жылы іске асатын құрылыс жоспарында облыстық кино-концерт залтапхзаны, орыс драма театры және ғылыми әмбебап кітапхана кешенін салу басты назарда. Күннен-күнге шырайы кіріп, абаттанған Оңтүстік өңірдің мәдени өмірінде осы жылы да игілікті мерекелік той-думандар аталып өтілетін болады.