Бүгінгі мәлімет бойынша Ордабасы ауданында су алған 66 тұрғын үй жарамсыз деп танылды. 250 үйге су кірген. Бұл туралы аудандық штаб бастығының орынбасары Бақыт Құрманбеков мәлімдеді. Қазір су тасқынынан зардап шеккен аумақта бағалаушылар жұмыс істеп жатыр. Солардың қорытындысы бойынша комиссия шешім шығаратын болады.
Штаб бастығы орынбасарының айтуынша, бағалаушылар осы аптаның аяғында өз ісін аяқтайды. Демек, зардап шеккендерге жаңа үй салып беру немесе қалпына келтіру жұмыстары сәуір айынан басталады деген болжам бар.
Қазір тұрғындардың сұранысы бойынша 30-40 палатка тігіліп, жергілікті жұртқа жағдай жасалынып жатыр. Баспанасыз қалғандарға қосымша тағы азық-түлік жеткізілуде.
Штаб бастығы орынбасарының айтуынша, бағалаушылар осы аптаның аяғында өз ісін аяқтайды. Демек, зардап шеккендерге жаңа үй салып беру немесе қалпына келтіру жұмыстары сәуір айынан басталады деген болжам бар. Қазір тұрғындардың сұранысы бойынша 30-40 палатка тігіліп, жергілікті жұртқа жағдай жасалынып жатыр. Баспанасыз қалғандарға қосымша тағы азық-түлік жеткізілуде. Дегенмен, жергілікті жұрттың ұсынысы мен талабы да жоқ емес. Бұл туралы толығырақ келесі бағдарламамызда жеткізетін боламыз.
Төтенше жағдайға тап болған ауылдардың қатарында Сайрам ауданына қарасты Жұлдыз және Қарабастау ауылдары бар. Орын алған мекендерде арнайы комиссия құрылып, шығын анықталды. Ауласына дейін су басқан 94 тұрғын үйдің 12-не жөндеу жұмыстары қажет.
Ал 6 үй жарамсыз деп танылды. Баспанасыз қалған отбасылары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға көмек көрсетілуде.
Сейдулла ИБИШЕВ, Сайрам ауданына қарасты Жұлдыз ауылдық округі әкімінің орынбасары: «12 адамнан жасақталған комиссия зардап шеккен үйлерді аралады. Одан бөлек облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссиямен бірге төтенше жағдайлар департаментінің мамандары да зақымдалған үйлерде болды. Қазір шығынның көлемі анықталуда. Бағалаушы-мамандардың жұмысының қорытындысы бойынша жарамсыз деп танылған үйлерге компенсация төленеді. Біз өзіміздің тарапымыздан барлық көмекті көрсетудеміз. Округте орналасқан мекемелер мен кәсіпорындар қолдау көрсетуде. Ұн, май сияқты қажетті азық-түліктерді зардап шеккен отбасыларына жеткізіп бердік. Олар үнемі біздің назарымызда».