Шымкент қаласының бас жоспары мамыр айына дейін қабылданатын болды.
Шымкент қаласында жер телімін алуға кезекте тұрған 61 азамат бар. Алайда, қаланың бас жобасының әлі күнге дейін бекітілмеуі салдарынан жерлестерімізге жер беру мүмкіндігі болмай отыр. Соңғы рет жер телімі 2008 жылы 1 мыңнан астам азаматқа «Достық» шағын ауданынан берілген еді.
Ал сәулетшілер шахардың бас жобасы мамыр айында толық қабылданады деген уәдесін айтып, жұртшылықты жұбатуда. Бүгінде 11 министірліктің 6 келісімі алыныпты. Нәтижесінде қала аумағы 17 мың гектардан 117 мың гектарға ұлғаяды.
Және бір өзекті мәселе тұрғынүй кезегінде тұрған отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету. 1982 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған азаматтардың саны 4915 жанұя, оның 35 ҰОС ардагері. 2010 және 2011 жылдары мемлекеттік тұрғынүй қорынан 114 азаматқа баспана берілген екен. Қалалық мәслихат депутаттарының берген ұсыныстары осы қарқынды күшейту қажет деген пікір болды.