Шымкент қалалық мәслихатының депутатары қала бюджетіне өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, Шымкент қаласының қоржыны облыстық бюджеттен бөлінген трансферт есебінен 909 млн. 361 теңгеге ұлғайды. Нәтижесінде Шымкент қаласының 2012 жылға арналған бюджеті 50 млрд. 622 млн. тенгені құрады.
2011 жылдың 7 желтоқсанында қабылданған Шымкент қаласының 2012 жылғы бюджетіне 1 млрд. 850 млн. теңге қосылды. Бюджеттің кіріс бөлігінде де өзгерістер орын алып, ол 727 млн. 95 мың теңгеге ұлғайды. Қаражаттардың бос қалғанын пайдалану және кейбір бағдарламалар бойынша қаражатарды қайта бөлу арқылы білім беруге 325 млн. тенге, білім беру нысаналарының құрылысы үшін 144 млн. тенге бөлінді.
Биылғы жауын шашынан орын алған су тасқына қала басшылығына төтенше жағыдайларға дайын болуды ескерткендей. Апаттың алдын алу шараларына 100 млн. теңге және жолдарды жөндеуге 97 млн. теңге бөлді. Тек ол қандай көшедегі жолдар екендігін депутатардың өздері де білгісі келді.
Қаланың нысаналы даму трансферті 924 млн. теңгеге қысқартылды. Шахар бюджетіндегі орын алған өзгерістерді маслихат депутаттары бір ауыздан қолдады.