Шымкент Наурыз мерекесіне дайындығын бастады

290

Мерекелік безендірілген орталық көшелер көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жарнамалық қызметтің жұмысшылар құттықтау және жақсы тілектермен баннерлер ілсе, коммуналдық қызметтің өкілдері гүлдердің түбін қопсытып, қоғамдық орындарды ретке келтіруде.

Айнаш Берденова, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшысы: «Биыл қыс аязды болды. Халық игілігіне еңбектенудеміз. Таза болса өзімізге де жақсы, денсаулыққа да пайдалы. Шымкент қаласы көрікті ең таза қалалардың бірі болуы тиіс. Наурызды жақсы қарсы алайық. Сіздер де өз үлестеріңізді қосыңыздар. Жинаған жерді шашпаңыздар. Қоқысты арнайы жәшікке тастаңыздар».

Қандай той әуенді әнсіз және бисіз өтеді. Ең басты мереке Наурызды тойлау Тәуелсіздік алаңы мен саябағында өз бастауын алады. Мұнда қазір дайындық жүргізілуде. Мерекелік бағдарламада Оңтүстік өңірінде тату тәтті өмір сүрген түрлі ұлт өкілдері салт- дәстүрлері және мәдениеттерін  паш етеді. Алайда қатысушылар алдағы мейрамның құпиясын ашуға асықпайды, өйткені ол біздің тартуымыз дейді өнер адамдары.

Айжан Жұмабекова, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі: «Бейбітшілік болсын. Зіл заладан аман болайық. Су тасқынынан зардап шеккен бауырларымызға көмек көрсетейік. Қазақ халқының дастарханы әрқашан жақсылыққа жайылған. Наурызды жақсы көңілмен барша халық бірігіп атап өтейік».

Халықтың дана сөзі бар емес пе — Наурызды жақсы көңілмен қарсы алсаң, Жыл бойы жақсылық болады деп. Сондықтан да ұйымдастырушылар тойға келген жамағаттың көңіл күйі көтерңікі болуы үшін барлық шеберліктерін салады.