Шымкентте газдан уланып ер кісі қайтыс болды. Мұны ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 12 наурыз күні түнгі сағат 01-де Алатау көшесінде орын алған. Қатты отын арқылы жылытып отырған пеш құбыры бұзылып, 45 жастағы ер кісі газдан уланған. Азамат сол жерде қаза болды.