Шымкентте жаңа аумақ құрылысы қолға алынбақ

330

Шымкентте жаңа аумақ құрылысы қолға алынбақ. Қаланың солтүстік шығыс бөлігінде Көктем және Арғынбеков көшелерінің арасында бой көтергелі отырған жаңа құрылыс «Іскерлік орталық» деп аталмақ.

Оның алғашқы кезеңінің жобалық сметалық құжаттарын даярлап инженерлік инфрақұрылымын бастауға республикалық бюджеттен 3 млрд. 600 млн тенге бөлінді. Жалпы аумағы 350 гектар жерге  облыс әкімдігінің ғимараты, кітапхана, театр, конгресхолл, көрме орындары орналасады. Яғни, 5 ірі құрылыс нысандары салынатын болады.

Осылайша шаһардың шырайын келтіретін тағы бір аумақ шымкенттіктердің игілігіне берілмекші. Жалпы жаңа қалашықтың болашақтағы аумағы 1500 гектарды құрайды деген болжам бар. Ал осы маңдағы жер телімдері мемлекет қажеттігі үшін кері қайтарылатын болады.