Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығының директоры парамен ұсталды

293
Қаржы полицейлері өткен жылы 40-қа жуық қылмыстық іс қозғап, 300 мың теңге мен 200 доллар тәркілепті

Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығының директоры пара алу үстінде ұсталды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне карасты «Жұмыспен қамту» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры парамен ұсталды. 36 жастағы А.А. Ғабидуллин Б.Сапарбеков есімді өзінің орынбасары арқылы осы мекеменің қызметкерінен 1 мың АҚШ доллар көлемінде пара алғандығы белгілі болды.

Осы көрсетілген сомманы алып, директор оны бөлімнің инспекторы қызметіне тағайындамақ болған. Қаржы полициясының мамандары сыбайлас жемқорлық жасаған жерінен ұстады. Ғабдуллинге қатысты қылмыстық іс қозғалды.