Сот төрағасы өзгерді. Мемлекет басшысының жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сот төрағасы болып Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов тағайындалды.
Ол 1965 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Оңтүстікке келгенге дейін Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.
Ал бұған дейін ОҚО сотының төрағасы болып қызмет атқарған Абай Жамбылұлы Рахметуллин Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Ол Оңтүстікте 5 жыл қызмет атқарды.