Облысымыздың аудандарында орын алған төтенше жағдайға тап болған жерлестерімізге көмек көрсету мақсатында ОҚО «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі және облыстық кәсіподақтар кеңесі бірігіп қайырымдылық шарасын бастаған болатын.
Бүгінгі таңда 8 жарым миллион теңге жиналған. Бұл қаржы тағы да көбейді. Сенбі күні өзбек ұлттық мәдени орталығы да көмек қолын созды.