Су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге мәдени қызметкерлер көмек қолын созды. Облыстық опера және балет театрында қайырымдылық шарасы өтті.
1645 қызметкер бір күндік жалақысын аударып, нәтижесінде 3 миллион теңге жиналды. Енді бұл қаржы төтенше жағдайға тап болған ауылдарға жіберіледі.
Мәдени қызметкерлер көмек мұнымен шектелмейді дейді. Алдағы уақытта зардап шеккендерге олар үйлерінен киім-кешек әкеліп тапсырады. Сала мамандары азық-түлікпен де көмектесуді жоспарлап отыр