Отырарлықтар Ордабасылықтарға көмек қолын созды. Елбасымыздың биылғы халыққа арнаған Жолдауында «әлеуметтік-экономикалық дамудың он бағыты бойынша міндеттерді орындау арқылы біз экономикамызды нығайтып, қоғамымызды тұрақты етеміз» деген болатын.
Сол міндеттерді орындау мақсатында Отырар ауданында тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетілді. «Жақсы істер жалғасы» атты акция «Отырардан Ордабасыға көмек» атты іс-шарамен жалғасып, тасқын судан жапа шеккен темірландықтарға азық-түліктер таратылды.
Тасқын судан зардап шеккен темірландық тұрғындарға Отырарлықтар атынан 1 тонна картоп пен пияз өнімдері жеткізілді.
Мархабат Қосдәулетова, Темірлан елдімекенінің тұрғыны: «Отырар ауданының жіберіп жатқан азық түлігіне рақмет. Алланың нұры жаусын».
Мұнымен қайырымдылық шарасы аяқталмақ емес. Аудандағы қалталы азаматтар да алдағы уақытта табиғаттың тосын мінезінен баспанасыз қалып, шаруашылығын тұралатып алған көршілеріне көмек бермек ниетте. Отырар ауданныда аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында шаралар үздіксіз өткізіліп тұрады. Мәселен, өткен жылы аудан бюджетінен осы тұрғыда 110 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 3,5 млн теңгеге атаулы әлеуметік көмек, ал 89 отбасыға 22 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Жеке кәсіпкерлердің қолұшын созып, көмек көрсеткені өз алдына.
Бейбіт Сыздықов, Отырар ауданының әкімі: «Елбасымыздың халыққа деген Жолдауында көрсетілген көмектердің арқасын. Қол жетіп отыр. Кәсіпкерлерді жергілікті билік қолдаудың жағдайында кәсіпкерлер де елдегі аз қамтылған отбасыларға көмек беруді аямайтыны көрініп отыр.2-ғана емес, бірнеше кәсіпкерлердің көмектесетіні сөзсіз».
Отырарлықтардың бұл бастамасы өзге аудан, өңірлерге үлгі деуге болады. Себебі, бүгін облыстық Азаматтық Альянс бірлестігі мен Кәсіподақтар ұйымы барша азаматтарды биылғы қыста топан судың зардабын тартқандарға көмек көрсетуде белсенді болуға шақырып, үндеу жариялады.