Тоқтатылған ойыннан кейін оңтүстік жігіттері астаналықтардың жағасынан алды.
Шымкентте «Ордабасы» командасының жанкүйерлерімен «Астана» құрамасының пресс-аташесі арасында келіспеушілік орын алды.
Ордабасы мен Астана командаларының кездесуі ауа-райының қолайсыздығынан тоқтатылған соң, оңтүстікқазақстандық жанкүйерлер Қажымұқан атындағы стадионнан кетпек болған «Астана» футбол клубының автобусының жолын бөгеп тұрып алды.
«Мен жанкүйерлерді сабасына түсірмек болып, автобустан түскенім сол еді олар маған жабыла кетті. Қақтығыс болды. Бірақ мен құқыққорғау органдары мен дәрігерлерге барғаным жоқ», — дейді «Астана» командасының пресс-атташесі Дмитрий Нестеренко «Наш футбол» бағдарламасына телефонмен берген сұхбатында.
Қазақстан футбол федерациясына «Астана» клубы жазбаша түрде мәлімдегенде «Ордабасы» ФК-на қомақты айыппұл мен өз алаңында ойын қабылдауға тиым салынар еді.