Жолдың жарамсыз күйге түсуіне жүк көліктері кінәлі

327

Жолдың жарамсыз күйге түсуіне жүк көліктері кінәлі.

Қала жолдарының ойлы шұңқырлы болуының бір себебі ауыр жүк көліктерінің белгіленген шамадан тыс жүк артуы болып есептеледі. Мамандар әсіресе күз және көктем айларында оған үлкен мән беру қажет дейді.

Аумақтық көлік инспекциясы мен қала әкімдігінің қызметкерлері ережені бұзған жүргізушілерді анықтап, шара көруге кірісті. Жүксіз салмағы 20\25 тоннаны құрайтын ауыр көліктерге жүк артылғанда 40 тоннаға бірақ жетеді. Мұндай көлектердің жүрісіне ешқандай жол шыдас бермейді.

Ережеге сәйкес жауын-шашын мезгілінде көліктің алдыңғы дөңгелекке түсетін салмағы 8, артқы дөңгелекке 12.8 болуы тиіс. Алайда, бұл талапты сақтап жатқан бірде бір жүргізушіні көрмейсіз.

Сайрам көшесі мен Тәуке хан даңғылының қилысында жарты сағат аялдаған көлік инспекциясының мамандары жүкті артып, жолды жарып жүрген екі алып көліктің жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырды. Жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынса, заңды тұлғалар айыппұлды екі есе артық төлейді. Бірақ, бәрінің оңай құтылғысы келеді.

Тексеру жұмыстары үш күнге созылады. Осы уақыт аралығында мамандар тек артық жүк артқандарды ғана анықтап қоймай, қала тазалығына немқұрайлы қарайтын жүк көлігінің жүргізушілерін де тәртіпке шақырады.