Қылмыскер жазадан құтыла алмады

Баланы әкесінен айырған 35 жастағы қала тұрғыны енді 13 жылын темір торда өткізетін болды.

Бүгін Шымкент қаласындағы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот осындай шешім шығарды. Қасақана кісі өлтірушінің кінәсі дәлелденді. Оқиға өткен жылдың күзінде қаладағы 8-ші шағын ауданда орын алған болатын.

Ол сот шешімінен кейін 5 баласымен жесір қалған жәбірленушінің әйелі сотталушыға тағайындалған 13 жыл жеңіл жаза, онымен келіспейтінін жеткізді. Ал қылмыскер жазаның ауыр екенін айтып отыр.