Оңтүстік Қазақтан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы мен Халықаралық Қазақ-Түрiк Университитінің клиникасының түлектеріне енді жұмысқа орналасу қиынға соқпайды. 600 түлекке жұмысқа орналасу үшін бос қызмет орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Дәрігер мамандығында оқып жүрген бүгінгі студенттер болашақта жұмыс іздеп сабылмайтын болды. Қаламызда арнайы бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған көрші облыстардан да медицина саласының өкілдері келді.
Бос орындар жәрмеңкесіне жас мамандарды қабылдауға қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік және денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сондай-ақ медицина қызметкерлері қатысты. Басты мақсат жастарды жұмыс орынымен қамтамасыз ету.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Фармацевтикалық Академия түлектері жұмысқа орналасуы бойынша жағдай жасалу керек. Әсіресе ауылдарда кадрлар жетіспеушілік жағдайын ескере отырып, бүгінгі күнде Денсаулық сақтау министірлігі осы мәселеге ерекше назар аудару қажеттілігі айтылды.
Атап айтқанда жәрменкеге Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары, Жамбыл облысы және Қызылорда қаласының өкілдері қатысты.