«Алтын қор» кадр дайындауда 35 студент оқып шықты

Студенттерге екі күндик тренинг-сабақтар өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау орталығы мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен екі күн бойы жүргізілген «Алтын қор» резерві  кадрларын дайындау оқуы аяқталды. «Қазақстан Республикадағы мемлекеттік қызмет» тақырыбында өткізілген семинарға іріктеп алынған қаламыздағы жоғарғы оқу орындарының үздік 35 түлегіне сертификат табысталды.

«Осы оқудан өткен 35 cтудент дипломға ие болғаннан кейін практикадан өтетін болады. Ал тәжірибелік жұмыстар мамандықтарына сәйкес облыстық басқармаларда өтеді. Ал олардың жұмысқа тұруын агенттік пен ішкі саясат басқармасы қадағалап, қолға алатын болады»,-  деп, ойымен бөлісті жастар орталығының бөлім бастығы Дамир Жүнісов.

Сымбат Расул

Іріктеуден өткен студенттер тек оқу озаттары ғана емес, қоғамдық жұмысқа белсене қатысушылар. Олар  болашағын айқындап, келешегіне нық қадам басқандар. Соның бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің озат  студенті түлегі Сымбат Расул. Мемлекеттік қызмет және басқару мамандығы бойынша қызыл дипламға ие болғалы отырған замандасымыз  киім кию үлгісінен бастап өзін өзі ұстау мәнерінен де хабардар болыпты.

«Оқу курстары өте жоғары деңгейде өтті. Екі күндік трнингтен алған әсерім көп. Өйткені мұнда өте қажетті кеңестерден бастап қарапайым мәліметтерден де хабардар болдық. Дұрыс сөйлеу мәнері мен киім кию, мемлекеттік қызметте кездесетін түрлі жағдайда өзін-өзі ұстау мен өз көзқарасын білдіру сынды. Болашақта маған пайдасы тиер деген ойдамын»,-дейді студент.

Екі күндік семинарда студенттерге мемлекеттік салада жүрген қызметкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тренингтер өткізеді. 2003 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап келе жатқан бағдарлама аясында бүгінге дейін 388 студент сертификатқа ие болып, агенттіктердің қамқорына алынған.

Ал алдын ала жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, бүгінде облысымыздағы мекемелер 167  мемлекеттік қызметкерге тапты  сұранысқа ие екен. Оның орнын толтыруға бағытталған Алтын қор кадрлар резервін ұйымдастыру семираны  мемекеттік қызметтерге  білімді мамандарды дайындауда, студнттерді жұмыспен қамтуда маңызы зор болмақ.