Бір жастағы Ұлықбектің аурухана кереуетіне таңылғанына бір жетінің жүзі болды. алғаш келген кезінде тамақ ішпек түгілі, анасының сүтінен бас тартқан-ды. Себебі, тамағына сүйек тұрып қалған.
Баланың көрер жарығы бар екен. Балалар хирургатырының араласуымен тамағына тұрып қалған бөгде зат алынып тасталды. Қызуы түсіп, жағдайы тұрақталды. Анасыныңың да қуанышында шек жоқ. Ойын баласының мұнша әбігерге түсіретінін білмепті осыған дейін бірнеше баланы өсірген ана.
Заттардан балалар ауруханасының жанынан мұражай ашуға болады. Аптасына кем дегенде екі -үш баланың тыныс жолдарынан алынатын дүниелер. Көрсеңіз құтыңыз қашып, жағаңызды ұстайсыз. Бала мұны қалайша өздігінен жұтады дерсіз. Бірақ, қараусыз қалса бұдан да ірі дүниелерді жұтып қоя алады. Жуырда ғана екі жарым жасар бүлдіршін қыз батарейка жұтып қойып, көз жұмыпты.
Дәрігерлердің өтініші жалғыз ғана. Ол- баланы қараусыз қалдырмаса деген ізгі тілек. Апта сайын әртүрлі заттарды көріп зәрезап болған олар отадан кейінгі асқынулардан қорқады. Баланы болашағымызға баласақ, олардың өміріне де жауапкершілікті арттыруымыз тиіс дегенді айтады.
Әлі оң солын танып болмаған бүлдіршіннің бар затты аузына тоса беретіндігін әркім-ақ біледі. Осыны ескеріңіз, ата-ана! Балаңыз қай жерде отыр, немен ойнап отыр және аузына не салды осыны аңғара жүріңіз. Арты қайғылы жағдайға бармасын десеңіз.