Республикалық Бас редакторлар клубы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды. Емін-еркін әңгіме-дүкен құрған әріптестердің басқосуына Республикалық Бас редакторлар клубы төрағасының орынбасары Срайыл Смайыл қатысты.
Жиында журналистердің мәртебесі мен жергілікті БАҚ-тың мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ басқосудағы басты жаңалық-облыстық бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігін заңды тұлға ретінде тіркету келісілді. Емін-еркін дастархан басында жиналған әріптестердің әңгімесі журналистердің мәртебесі мен өзге ортақ мәселеріне арналды.
«Негізгі себеп, қолына қалам ұстаған қауымның мәртебесін айқындайтын арнайы заң жоқ,-дейді республикалық бас редакторлар клубы төрағасының орынбасары Срайыл Смайыл.
Срайыл Смайыл, республикалық бас редакторлар клубы төрағасының орынбасары: «НДС, яғни қосымша құн салығы деген БАҚ-ның аяғын тұсап отыр. Тапқан табысының 10-12 пайызын салық ретінде төлеуі тиіс. Осы секілді ортақ проблемаларды дер кезінде сауатты тиісті орындарға жеткізе білуіміз керек. Осындай басқосулардың сондықтан берері мол».
Бас редакторлардың басқосуында талқыға салынған тағы бір мәселе, билік пен БАҚ-ның қарым -қатынасы. Екеуі де елге қызмет етуді көздеген қос саланың өкілдерінің түсінісе алмай, шындыққа шамданып, шам алып соңына түскенмен тең көретіндер бар екені айтылды.
Әбдез Рахманұлы, облыстық бас редакторлар клубының төрағасы: «Бас редакторлар клубы ҚР Журналистер Одағы және «Әділ сөз» қоғамдық қорымен қатар жұмыс жасайды. Негізгі қызметі де сол билік пен БАҚ арасындағы қарым-қатынастың қалыптылығына әсер етеді десек те болады. Билік те, БАҚ та ел үшін қызмет еткенімен кейде екеунің арасында алшақтық немесе түсініспеушілік туындап жатады. бізде сынды дұрыс қабылдай алмай жататын да жайлар кездеседі. Кемшілікті көрсететін, сыни пікірлерге толы бейнесюжет эфирге шықса немесе басылым бетінде жарық көрсе, «мұның артында кім тұр?