«Дінтану негіздері» пәнінен үйренетініміз бар

394
Жиын барысы

ОҚО ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік басқармалар» орталығы қаламыздағы дінтану негіздері пәнінің мұғалімдерінің басын қосып, жиын өткізді. Мұндағы мақсат-жастардың өзге діннің жетегінде кетуінің алдын-алу.

Мектептерде «Дінтану негіздері» пәні тек 9-сыныптарға ғана өтіледі. Оның өзінде 34 сағат қосымша сабақ ретінде. Бұл ислам дінін толық ұғынуға жеткіліксіз. Сондықтан болар мектеп уақытысында жұма намазға сарпылатын оқушылар жетерлік. Нәтижесінде оқушылар үлгеріміне өз кедергісін тигізеді.

Нұржан Тұрсынбай, облыстық әлеуметтік бастамалар орталығының директоры: «Біздің мемлекетті Араб елдірімен салыстыруға болмайды. Біз зайырлы елміз. Бізде жұма күні — жұмыс күні. Ол ресми құжатта белгіленген. Ал Араб Әмірліктерінде арнайы демалыс күні. Сол себепті болар онда жұма намазға еңбектеген баладан қартайған шалға дейін түгел, қалмай қатысады. Сондықтан сабақ уақтысында жұма намазға баруға болмайды. Әркімнің иманы өзінің жүрегінде болу керек. Мен намаз оқыдым екен деп, сабақты жиыытырып тастау мүлдем қате түсінік. Тәуелсіз елдің әрбір адамы орта білім алуға құқылы деген бар».

Жиналған ұзтаздар қауымы бұл пәнді 9-емес, 5-сыныптан бастап енгізуге ұсыныс тастады. Сонда ғана жас жеткіншек ақ пен қараны айырып, адаспас дейді.

Сәуле Шүкірбекова, №25 мектептің мұғалімі: «Біздің мектепте ондай оқушылар кездескен жоқ. Ия, намаз оқитын шәкірттеріміз бар. Бірақ олар сабақты тастап, намазға кетіп қалмайды. Шынымды айтсам, ондай оқушыларды кездестірмедім».

Айта кетейік, біздің облыста теолог мамандар жетіспейді. Олардың үлесі небәрі 8-ақ пайыз. Яғни, атаулы пәнді не тарихшы, не социлог мамандар жүргізуде. Оның үстіне діни кітаптардың жетіспеушілігін тағы қосыңыз.

Басқосуда мұғалімдерге кереғар діни ағымдар жөнінде толыққанды ақпарат берілді. Сағаты аз болса да, қоғамда алатын рөлі орасан пәнге үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.