Биыл Оңтүстікте 32 мың кітап тегін таратылады

486

Оңтүстік Қазақстанда діни сауаттылықты арттыру мақсатында биыл 32 мың кітап тегін таратылатын болады. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мекемесінің директоры Нұржан Тұрсынбай хабарлады.

001

Оның айтуынша осы негізде «Мемлекет. Қоғам. Дін», «Дін және дәстүр» телебағдарламалар мен «Жасөспірімдерді жат діни ағымдардан сақтандыру» тақырыбында он минуттық анимациялық фильм дайындалып жатыр. Бұдан өзге теріс бағыттағы діни үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында 15 бейнеролик пен 5 фильм әзірленуде.

‒ Орталықтың басты мақсаты – қоғамдағы саяси ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру, талдау жүргізу, діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету. Бүгінде біздің орталықта 28 қызметкер жұмыс атқарса, оның 17-сі – дінтанушы-теологтар, – дейді Н.Тұрсынбай.

002

Брифингте мекеме директоры биылдың екінші жартыжылдығында діни экстремизм және терроризмді алдын алу мақсатында 4 тақырыпта әлеуметтік зерттеу жүргізілетін, сондай-ақ, білім ордалары мен аудандар мен қалаларда және түзету мекемелерінде кездесулер ұйымдастырлатынын жеткізді.

003

Сонымен қатар орталық  өкілдері «Құранды біз білеміз бе?», «Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдар», «Ислам мәдениеті мен салт-дәстүрдің сабақтастығы», «Менің таңдауым – Ханафи мәзһабы» сынды әдістемелік құралдар мен кітаптар шығарып, тарататындарын мәлімдеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі