Емтихан қашан болады?

1722

Биылғы оқу жылының да аяқталуына аз уақыт қалды. Көпшілікті, әсіресе, тоқсандық қорытынды бағада 3-тіктері бар оқушыларды емтихан мәселесі мазалай бастаған. Ал, 9,11- сынып оқушылары қазірден-ақ емтиханға дайындық мәселесіне көшті. Сонымен, емтихан қашан болады?

9 сыныптың оқушылары үшін болатын міндетті емтихан күндері:

— 30 мамыр — қазақ тілі мен әдебиетінен (ұлттық мектептерде өз ана тілі бойынша) — диктант немесе шығарма (жазбаша) ;
— 2 маусым — Алгебрадан емтихан (жазбаша);
— 6 маусым — мемлекеттік тіл бойынша сынақ. (осы күні қазақ сыныптары орыс тілінен ауызша емтихан тапсырады).

11 сынып оқушылары (ҰБТ-ы тапсыруды қаламайтындар) үшін:

— 31 мамыр -мемлекеттік тіл бойынша сынақ;
— 4 маусым — ана тілі мен әдебиетінен жазбаша (диктант немесе шығарма);
— 8 маусым — Алгебрадан емтихан;
— 11 маусым — Қазақстан тарихынан емтихан.