Úı ANONS Жаңа маусымға – жаңа серпін: OTYRAR тізгінін Шуддин Саидов қолға алды

Жаңа маусымға – жаңа серпін: OTYRAR тізгінін Шуддин Саидов қолға алды

Шуддин Саидов

 

OTYRAR медиахолдингі жаңа маусымды тың қарқынмен қарсы алып отыр. Телерадио кеңістігінде өзіндік орны бар ұжымға жаңа басшы тағайындалды. Енді телеарна, otyrar.kz сайты, сондай-ақ «РАБАТ» және «Oñtüstık Rabat» газеттері Шуддин Саидовтың жетекшілігімен жұмыс істейді.

Тележурналистика саласында 17 жыл еңбек еткен Шуддин Саидов соңғы он жылда тікелей OTYRAR арнасында абыройлы қызмет атқарды. Тілшіліктен бастап жүргізушілікке, продюсерліктен басшылыққа дейінгі жол — оның кәсіби тәжірибесінің айқын көрінісі. Мемлекеттік марапаттары да аз емес: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, «Халық алғысы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалі — оның еңбегіне берілген лайықты баға.

Жаңа директор алғашқы жұмыс күнінен нақты қадамдар жасай бастады. Енді OTYRAR тілшілері Астана мен Алматы қаласында да қызмет атқарады. Бұл — көрермен үшін маңызды жаңалық: басты оқиғалар енді елдің әр өңірінен жедел әрі сенімді жеткізілмек.

Дегенмен, OTYRAR-дың басты қағидаты өзгермейді:
Шындықты айту. Жылдам хабарлау. Жалған ақпараттан аулақ болу.

Сонымен қатар, арнадағы сүйікті бағдарламалар мен көрерменге етене жақын жүргізушілер өз жұмысын жалғастыра береді.

«Алда бізді жаңа жобалар, тың форматтар, креативті ізденістер күтіп тұр. Себебі телеарна — мен үшін жай ғана кәсіп емес, бұл — көрермен алдындағы үлкен жауапкершілік. Адамдар арнамызды қосқанда, өз қаласы мен елі туралы шынайы ақпарат күтеді. Менің парызым — осы сенімді ақтау», — дейді Шуддин Саидов.

OTYRAR — әрқашан көрерменімен бірге. Сондықтан жаңа маусым — жаңа идеялар, жаңа серпін және жаңа мүмкіндіктерге толы болмақ!

Құрметті оқырман, ұмытпаңыз:
OTYRAR – сіздің телеарнаңыз!