Шымкентте тағы бір адам жол үстінде құрбан бола жаздады. Оқиға Еңбекші ауданына қарасты аумақта орын алған. Жол апаттарының алдын алу мақсатында қаншама реидтік шаралар ұйымдастырылғанымен, одан шыққан нәтиже әзірге осындай болып тұр. Темір тұлпардың тізгінін тартуды білмейтіндер тәубесіне келер емес.

Елшібек батыр көшесінде, яғни дәл Еңбекші аудандық ПБ-нің тұсында ер кісіні опель жүргізушісі қағып кетеді. Соған қарағанда көлік қатты жылдамдықпен жүйткіген көрінеді. Бір ескерерлігі, оқиға болған жерде арнайы жолақ жүргізілмеген.

Жүргізуші: «Ол жолға қарай шыға салды. Шамамен осы жерлерде соққы болды. Содан мен тоқтаи алмай, біраз жерге дейін барып тоқтадым».

Апат орын алысымен жедел жәрдем шақыртылды. Көлік астына түскен азаматқа дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті. Оның орта дәрежелі жарақат алғанына байланысты жәбірленуші ауруханаға жөнелтілді.

ЖПБ-ның қызметкерлері жол көлік оқиғасының анық-қанығын анықтауға кірісті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.