Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті 2012 жылдың қаңтар-наурыздағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Демографияға тоқталсақ. Облыстағы халықтың саны  2 млн. 633,5 жеткен.  Көші қонмен облысқа келген халықтың саны 6 мың 472. Халықтың табиғи өсуі екі айда 12,4 мың адамды құраған.

Айдар Әбілдабеков, ОҚО Статистика департаментінің бастығы: «Шымкент қаласындағы халықтың саны 646 317 . Қаланың бас жоспары бекітілген тұста шымкенттіктердің саны  Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарынан қалаға өткен елдімекендердегі тұрғындардың есебінен 116 мың адамға артуы мүмкін. Алайда бұл мәліметтер 2011 жылдың 1 қаңтарына  тиесілі».

2011 жылғы 4-тоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 70,5 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту органдарына жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны биыл наурыз айының соңына 10,2 мың адамды құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,3 пайызын құрады.

Хафиза Ахмирова, ОҚО Статистика департаментінің бөлім бастығы: «Өңірдегі жұмыссыздардың санын анықтау мақсатында кез келген 2 мың 424 отбасы іріктелініп алынады. Сауалнама  үш критерий бойынша жүргізіледі. Біріншісі- тексеру барысында отбасындағы жұмыссыздарды анықтау, екінші белгі бойынша  екі жетіде жұмысқа орналасады, соңғысы жұмысқа кірісті».

Бағаларға тоқсалсақ. Азық түлік тауарларына бағалар 0,4 пайызға, азық түлік емес тауарларына 0,2 пайызға өскен. Сонымен бірге халыққа ақылы қызмет көрсету де 0,3 пайызға жоғарылаған. Жанар жағар май бағыс мен мен электр қуатына тарифтің өсуі статистика мәліметтеріне өз түзетулер енгізетіні сөзсіз. Осы тұста мамандар міндетті есептер мерзімінде тапсырылса мәліметтер толық болатынын алға тартуда.