Биылғы республикалық жазғы спартакида ойындарында Оңтүстіктің оқушылары бірінші орыннан көрінуі тиіс. Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Серік Әуесханов «Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру мәселелері» бойынша өткен семинарда осылай деді. Біздің оқушылар өткен жылы ұйымдастырылған V Жазғы спартакидада 9 алтын, 12 күміс және 9 қола жүлде еншілеп, командалық есепте екінші орыннан көрінген еді.

Серік ӘУЕСХАНОВ, облыстық білім басқармасы бастығының орынбсары: «Елбасының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы басты назарда. Қала, аудандардағы білім басшыларына нұсқаулық берілген. Білесіздер, өңіріміздің оқушылары жыл сайын өтетін республикалық спартакиадада үздік орыннан көрініп жүр. Биыл да бас жүлде үшін күресуге бар күшімізід саламыз».

Семинарда сондай-ақ, облыс мектептерінде материалдық-техникалық базаның ескіргені, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мәселелері сөз болды. Серік Әуесхановтың айтуынша, спорттық құрылғыларды жаңарту бойынша әлі де болса жеткілікті қаржы бөлінбей келеді.