ОҚО-ның тұрғыны жер үшін ағайындарын атып өлтірді

316

2012 жылдың 28-наурыз күні Сайрам ауданның орталық ауруханасына 1964 жылығы азамат пен оның 1989 жылғы ұлы, атыс қаруынан алған дене жарақатымен түсіп, қаза болады. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілу барысында анықталғандаи қаза болғандарды ағайындысы атып жараққат салған. Қайғылы оқиға жер дауынан туындаған көрінеді.

Бұл жер дауы әкелері қайтыс болғаннан бастап туындаған көрінеді. Бөлінген 8 гектар жер бір аумақта орналасқан. Олар күнделікті жолыққан саиын сезіктіні балағаттап, ұрып жібереді екен. Соңғы шаиқаста жәбірленуші жақ 45 жастағы ағайынды інісін ұлдарымен жабылып, автокөліктің рессорымен сабап жер басынан қуып жіберген.

Соңғы соққыдан соң6 сабаланған азамат өзін қорғап қалу мақсатында үйндегі аңшы мылтығын және оған арнайы оқ сатып алып, көлігінің жүк салғышына сақтап қояды. Содан ұсталған азамат 28-наурыз күні өзіне тисілі жерді жыртуға трактор жалдап жұмыс жүргізу кезінде,әлгі туыс ағасының баласы келіп, тоактордың жұмысын тоқтатып кедергі жасамақ болған.Осы кезде ашуға берілген ол көліктегі мылтықты алып атып жібереді.Сол сәтте ұлына көмекке келген әкесіне де оқ атып оқиға орнынан бои тасалаиды.

Аита кету керек кісі өлтірген азамат алдын сотты болмаған.Құқық қорғаушылар оқиға басынан атылған оқтардың қабын және жасырылған қаруды тәркілеп алды.Полйцеилер ұсталғанға қатыстьы ҚР ҚК 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.ТЕргеу жұмыстары жалғасуда.