Биылғы жылға жоспарланған облыстық маңызы бар 23 жолдың 18-ін жөндеу аяқталды. Қалған 5 нысан сәуір айының 10 жұлдызына дейін толығымен жөнделетін болады. 17 мердігер мекеме келісім шартағы талаптарға сәйкес өз қаражатарынан пайда болған ақауларды жөндеуде. Облыс бойынша, Шымкент қаласындағы 9 көшенің шұңқырлары жамалды. Жалпы облыста кепілдік мерзімдері бітпеген 105 автомобиль жолдары бар. Ол 2136 шақырым.
Жолдарды күрделі және орта жөндеуден өткізуге 23 457 066 мың теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржыға 384 нысанда 1 384,7 шақырым жол жөнделеді. Бір көпіркұрделі 6 көпір орташа жөндеуден өткізіледі деген жоспар бар. Бүгінде 30 шақырым жолды қайта құру жұмысы басталды.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары және елді мекен көшелері бойынша 321 нысан жоспарланған, оған 9 464 236 мың теңге қаралды. Ол жалпы 708,8 шақырымды құрайды.