«Ордабасы»-«Қайсар». Бұл жолы ойын тоқтатылмады. Ал Шымкенттік жанкүйерлер ауа райының тосын сыйына қарамастан ордабасылықтарды қолдауға тырысты. Бастапқыда, жиналған мыңдаған жерлестеріміздің басым көпшілігі пана іздеп, ғимараттың ішіне кіріп кетті де. Алаңда, «Ордабасымен» «Қайсар» үш ұпайға таласты.
Стадионның төбесін қара бұлт қаптағанда, төрешілер жағы ойынды тоқтатамыз ба деп қалған болатын. Оның үстіне Шымкенттің орталық стадионындағы жарық беруші құралдары істен шыққан болып шықты. Десек те, матч жалғасты.
Өткен жолы күннің қарлы болуына байланысты ойын тоқтатылған болатын. Бұл жолы да ала допты қуалау футболшыларға оңай болмады.
Жанкүйерлердің бірінші таимда көңіл күйі тамаша болатын. Өйткені, ойынның алғашқы минуттарында-ақ ордабасылықтар қақпаға доп соғып, есепті ашты. Ал Қызылордалық ойыншылардың шабуылы сәтсіз болды.
Ойын ауыр болса да шымкенттіктер есепті сол күйінде сақтап қала алды. Сөйтіп Ордабасы жеті ұпайымен бесінші сатыға көтерілді. Келесі матч шет алаңда сәуірдің сегізіне Ақтөбемен өтеді.