Ордабасының қатарын тағы бір ойыншы толықтырды

183
Ордабасының қатарын тағы бір шабуылшы толықтырды

Қазақстан Чемпионатының Премьер Лига командалары арасында футболдан бесінші тур ойынының қарсаңында Шымкентке австриялық Мате Шимунович келді. Бұған дейін шабуылшы швейцариялық және словения командаларында ептілігін сынға салған болатын. Мате өткен маусымда шеберлік танытқан Бабатунданың 9-ші нөмірін алып, оңтүстіктің намысын қорғайтын болады.

«Ордабасы» футболшылары 5-тур ойынын шет алаңда өткізеді. Ақтөбенің алаңында жергілікті құрамамен сәуірдің сегізі күні үш ұпайға талас жүргізеді. Матч 17-00 басталады.