ОҚ-дық Ксения Хан Қазақстанның рекордын жаңартты. Жаттығу барысында 180 келіні көтеріп жүрген бойжеткен жуырда ғана ел чемпионатынан алтын медальмен оралды. Сәбилі болып, үш жылдан кейін үлкен спортқа қайта оралған Ксения үшін бұл жақсы жетістік.
Ксени Хан, ҚР чемпионы: «Тынбай еңбектенудің арқасы деп ойлаймын. Үзіліс болды, алайда осы залға келіп жаттығуға кіріскенде балығын да ұмытып кетесің. Тек алға қойған мақсатқа қарай жылжу қажеттігі ғана есіңде болады».
Ксения Ханмен бірге Азиза Абдураимова да дайындыққа көшкен. Олар Азия чемпионатына дайындалуда. Үндістанда өтетін байрақты жарыста Азиза 180 келіні бағындырсам дейді.
Азиза Абдураимова,ҚР чемпионы: «80-200 келіге дейін көтерсем деп жоспарлап отырмын. Ол үшін, әрине, тынбай еңбектену қажет».
Пауэрлифтингтің шеберлері жуырда ғана Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатынан оралды. 300-ден астам спортшылардың арасынан шымкенттіктер 2 алтын, 4 күміс және 5 қола медальді жеңіп алды. Ал командалық есепте ересектер құрамасы алғашқы үштікті қорытындылаған.
Сергей Рашидов, жаттықтырушы: «Бұл жарыста Әлемнің алты рекорды жаңартылды. Қазақстанның да бірнеше рокордын чемпиондар қайта орнатты. Жүлделі болудың өзі оңай болмады. Десек те алтыннан да алқа таға білдік. Енді Азияда топ жарсақ деп жоспар құрып отырмыз».