Cамалдағы су құбыры тағы да жарылды. Құрылысты 2006 жылы «Дагай и К» ЖШС-і бастап, 2 жыл ішінде тұрғындар таза ауыз судың шарапатын көрген еді. Өкінішке орай сапасыз жасалған жұмыстың нәтижесі қосымша қаражат шығаруға мәжбүрледі.

«Төрт жылда су құбырының 20 рет жарылуы тарихта болмаған оқиға»,-дейді мамандар. Көлемі 500 метрлік құбырды салған мердігер «Дагай и К» ЖШС-і бүгінде мүлдем жойылған. Жұмысқа тапсырыс беруші құрылыс бөліміндегілер біткен істі қабылдап, бүгінде қала әкімдігінің коммуналдық шаруашылық бөліміне өткізіп қойған. Ал олар «Су ресурстары маркетингі» ЖШС-нің қарамағына бере алмай бастары қатып жүр.

Үзындығы 20 мың шаршы метр құбырдың 200 жерінде жалғау бар. Оның бәрін қайта жасап шығу үшін 158 млн. тенге қажет. Ондай қаражатты бөлу заңға қайшы. Нысанның кепілдік мерзімі өтпеген. Ал әзірге жыл сайын жарылған жерлерді жамауға мәжбір. Нәтижесінде самалдықтар жиі сусыз отырады. Міне осылай «іс бітті, қу кетті» зардабын тұтынушылар тартып отыр. Бұл да бір сыбайластықтың көрінісі.