ОҚО әкімінің өкімімен Жаппар Серікбайұлы Әлсеитовтің орнына Әбдібақыт Тілләбайұлы Мақұлбаев 2012 жылғы 10 сәуірден бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ә.Т.Мақұлбаев 1961 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облысы Ленин ауданы «Коммунизм» кеңшары комсомол комитеті хатшысының орынбасары болып бастаған. 1985-1994 жылдары Шымкент облысы Ленин ауданы «Коммунизм» кеңшарының аға агроном-тұқым зерттеушісі, Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Шымкент облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, Шымкент облысы әкімшілігі аппараты ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы, Облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы «Шаруа» концернінің вице-президенті болған.
1994-2012 жылдары облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Қазығұрт ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, Сарыағаш ауданының әкімі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көш-қон жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, ҚР Көші қон жөніндегі комитетінің ОҚО бойынша департаментінің директоры, ҚР Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2012 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры болып еңбек етіп келген еді.