Шымкент қаласының бюджеті 53 млрд. теңгені құрады

185

Шымкент қаласының бюджетінде кезекті рет өзгерістер мен толықтырулар орын алды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 5-сесиясына жиналған депутаттар облыстық мәслихаттың 3-сәуірдегі шешіміне сәйкес, республикадан бөлінген 1,722,310 мың теңге трансфертті бекітті. «Даму» бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 998 млн. теңгеге ұлғайтылды.

Өзгерістің нәтижесінде Шымкент қаласының ағымдағы трансферті 142 миллион 461 мың теңгеге, «Даму» трансферті 1 млрд. 600 млн. теңгеге ұлғайды. Нәтижесінде Шымкент қаласының 2012 жылғы бюджеті 53 млрд. теңгеден асып жығылды. Әлі жыл соңына дейін өзгерістер мен толықтырулардың орын алатыны сөзсіз.

Білім беру обектілерін салуға және реконструкциялауға бөлінген қаражат 29 млн. тенгеге, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген трансферттер 204 млн. теңгеге сумен жабдықтауға бөлінген трансферттер 44 млн. теңгеге қысқартылды.

Сессияның соңында Шымкент қаласының әлеуметік-экономикалық дамуына үлес қосқан қалалық мәслихаттың депутаттары Нұрғазы Бұхарбаев, Гүлнар Құрманбекова және өзге 3 азамат Шымкент қаласының граматасымен марапаталды.